Новости

РАТТ мүшелері ЖЕЗҚАЗҒАН, СӘТБАЕВ ҚАЛАЛАРЫНДА БОЛДЫ  Жақында, яғни, қарашаның 8-9 күндері Қоғамдық келісім комитеті жанындағы Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшелері тұрғындар арасында маңызды кездесулер өткізу ү
26 ноября 2018
РАТТ мүшелері ЖЕЗҚАЗҒАН, СӘТБАЕВ ҚАЛАЛАРЫНДА БОЛДЫ Жақында, яғни, қарашаның 8-9 күндері Қоғамдық келісім комитеті жанындағы Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшелері тұрғындар арасында маңызды кездесулер өткізу ү
РАТТ мүшелері ЖЕЗҚАЗҒАН, СӘТБАЕВ ҚАЛАЛАРЫНДА БОЛДЫ

Жақында, яғни, қарашаның 8-9 күндері Қоғамдық келісім комитеті жанындағы Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшелері тұрғындар арасында маңызды кездесулер өткізу үшін Жезқазған, Сәтбаев қалаларында болды. Моноқалаларға іс-сапармен келген топ құрамында белгілі дінтанушы Тұрар Әбуов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Хамзат Әділбеков, ҚМДБ-ның «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі, исламтанушы Ақбөпе Тілегенова болды.

Жезқазған қаласынан бастау алған іс-шаралар Сәтбаев қаласында да өз жалғасын тауып, ҚМДБ өкілдері Х.Әділбеков мешіт имамдарымен және діндар азаматтармен кездесу жүргізсе, исламтанушы А.Тілегенова деструктивті ағымның жетегіне түскен қыз-келіншектермен жекелеген кездесулер мен мешіт жамағатымен жүздесулер болды.

Кездесуде РАТТ мүшесі: «Бүгінде елімізде радикалды діни топтардың қатарын ер кісілер ғана емес, әйел кісілер де толықтырып жатқаны жасырын емес. Әйел өзімен қоса балаларын да теріс бағытқа тәрбиелейтіні анық. Қысқаша айтсам, сол деструктивті ағымның жетегіне түскен қыз-келіншектерді оңалту, отбасылық проблемалары бар әйелдерге психологиялық көмек беру маңызды» - дейді А.Тілегенова.

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің, Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің және Сәтбаев индустриалды колледжінің студенттерімен, ұстаздар қауымымен кездескен Тұрар Әбуов жастарға мемлекеттің зайырлылық ұстанымдары, діни теріс ағымдардың қоғамға кері әсері, діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын идеологиялардың таралуын ауыздықтау, дін мен дәстүр тақырыптарында кеңінен сөз қозғады. Жастардың әлеуметтік желілер арқылы таралатын әртүрлі діни уағыздарға қырағылықпен қарау қажеттілігіне де кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар Жезқазған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, Жезқазған қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлерімен, сондай-ақ Сәтбаев қаласы әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлермен, Сәтбаев қаласында Достық үйінде мектеп директорларымен, дінтану пәнінің мұғалімдерімен кеңінен кездесулер өтті. Кездесу барысында РАТТ мүшесі Т.Әбуов қоғамдағы зайырлылық сана-сезімін нығайту, азаматтар мен қоғамды сыртқы әртүрлі жалған ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету және халық санасында еліміздің болашағын зайырлылық қағидаларына негіздеу қажеттілігі турасында қатысушыларға тың ақпарат берумен қатар, оларға үлкен серпін берді. Сондай-ақ, дінтанушы Тұрар Түгелұлы кездесулер барысында Дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасынада кеңінен түсіндіре кетті. «Елбасының жарлығымен бекітілген Тұжырымдама ішкі және сыртқы тұрақтылық пен қауіпсіздікті

қамтамасыз етуге бағытталып, экстремистік сипаттағы дін атын жамылған ағымдардың бүлікшіл әрекеттеріне тосқауыл қоюды мақсат етеді. Діни алауыздық – мемлекеттің зайырлы қағидаттарын жоққа шығарып, дәстүрлі құндылықтарға қауіп төндіруде. Тұжырымдамада мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынас, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және т.б өзекті мәселелер қарастырылған» - деп атап өтті.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамада 2018 жылы халықтың 89 пайызы, ал 2020 жылы халықтың 91 пайызы мемлекеттің дін саласындағы саясатын қолдайды деген межелі көрсеткішке жетуді мақсат қойып отырғандығын айта кетейік.
Нурсултан Назарбаев обратился к духовным лидерам мира Подробнее: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/nursultan-nazarbaev-obratilsya-k-duhovnyim-lideram-mira-355278/ Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.
20 ноября 2018
Нурсултан Назарбаев обратился к духовным лидерам мира Подробнее: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/nursultan-nazarbaev-obratilsya-k-duhovnyim-lideram-mira-355278/ Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.
Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев обратился к участникам VI Съезда лидеров мировых и традиционных религий в Астане, передает корреспондент Tengrinews.kz. "Наша совместная работа сможет принести осязаемые результаты в деле обеспечения мира, прогресса, благополучия граждан многих стран. Позвольте поделиться видением направлений, на которых мы вместе могли бы сосредоточиться и работать. В эру информационного общества мы должны использовать все преимущества новых технологий, чтобы вместе продвигать идеи мира и согласия на глобальном уровне. Для этого предлагается создать на базе нашего Съезда информационный портал. Его задача - помогать изучению и применению методов укрепления устойчивости к любым проявлениям религиозного радикализма, насилия в целом", - предложил Назарбаев на пленарном заседании Съезда. Фото: akorda.kz Назарбаев: Между странами строятся новые железные занавесы По словам Президента, информационный портал может стать площадкой для работы с аудиторией верующих людей в глобальном формате. "Каждый сможет обратиться к лидерам религиозных организаций, конфессиональных течений с вопросом или предложением и получить обратную связь. Мы недостаточно используем огромный потенциал по обеспечению мира на Земле. Необходимо выходить на новый уровень взаимодействия. Речь идет о применении огромных возможностей духовных лидеров, религиозных организаций для налаживания конструктивного диалога между конфликтующими сторонами. Предлагаю всем духовным лидерам обратиться к мировому сообществу, людям, государствам с призывом о мире и безопасности. Его можно было бы облечь в форму фетвы, посланий, обращений согласно практике каждой религии", - предложил Президент. Глава государства отметил, что одной из глобальных проблем современности остается отсутствие доступного образования. Фото: akorda.kz "В мире 750 миллионов человек не умеют ни писать, ни читать. Нельзя преодолеть бедность и нищету без массового приобщения к знаниям и наукам. Именно образование является основой устойчивого иммунитета к идеям радикализма в любых его проявлениях. Здесь чрезвычайное значение имеет и религиозное образование. Его платформой активно пользуются различные псевдорелигиозные организации. Поэтому мировые и традиционные религии могли бы проводить работу по отделению религиозных ценностей от политических идеологий", - озвучил Глава государства. Нурсултан Назарбаев призвал оставить в прошлом деление стран на военные блоки. "Успех модернизации системы глобальной безопасности зависит от способности мирового сообщества преодолеть милитаристское мышление и связанные с ним опасные анахронизмы. Свое видение общемировых антивоенных мер я изложил в своем манифесте "Мир. XXI Век", который предлагает построение к 100-летнему юбилею ООН мира без ядерного оружия. (...) Если международное сообщество, включая религиозных лидеров, поддержит нас, эта цель я думаю, может быть достижима", - выразил надежду Президент Казахстана.   Фото: akorda.kz В Астане во Дворце мира и согласия проходит VI Съезд лидеров мировых и традиционных религий. В этом году Съезд лидеров мировых и традиционных религий проходит на тему "Религиозные лидеры за безопасный мир". Накануне Съезда Нурсултан Назарбаев встретился с верховным имамом Аль-Азхара Шейхом Ахмадом ат-Тайебом. Глава государства поприветствовал верховного имама и отметил, что участие гостей такого высокого уровня в VI Съезде лидеров мировых и традиционных религий имеет важное значение для Казахстана. Напомним, идея проведения международного форума принадлежит Нурсултану Назарбаеву. 15 лет назад, в 2003 году, в Астане состоялся первый Съезд лидеров мировых и традиционных религий. С тех пор этот форум проводится каждые три года в столице Казахстана.
Подробнее: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/nursultan-nazarbaev-obratilsya-k-duhovnyim-lideram-mira-355278/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz
Астанада Сирия мәселесіне қатысты брифинг өтті
13 ноября 2018
Астанада Сирия мәселесіне қатысты брифинг өтті
Астана. 7 қараша. KAZISLAM –  Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык қазақстандық БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Кездесуде түркиялық дипломат сириялық реттеу бойынша Астана процесінің 11-раундында талқылануы тиіс мәселелерге тоқталды. «Астанадағы келіссөздер — тараптар арасында келісімге қол жеткізілген атысты тоқтату режімін күшейтуге, зорлық-зомбылықты азайтуға және өзге де мәселелерді қарастыратын үлкен мүмкіндік. Сонымен бірге, Астанадағы кездесуде сенім шараларын нығайту, оны Сирия жерінде қолдану және Идлибтегі деэслакация аймағының шарттарына қатысты нақты шешімге келу мәселелері көтеріледі деп үміттенеміз», — деді Невзат Уянык елшілікте өткен брифингте.

Сонымен қатар елші алдағы кездесуде гуманитарлық аспектідегі мәселелер талқыланып, нақты уағдаластықтар орнауы тиіс деп есептейді. «Түркия Қазақстан дипломатиясының негізгі басымдықтарының бірі болып саналатын медиация институтын өз елінде дамытуды қарастыруда. Яғни, Қазақстан тәжірибесін үлгі ретінде қараймыз және кеңірек дамыту қажет» деп сөзін толықтырды Невзат Уянык.

Айта кетейік, Сирия қақтығысын реттеудегі Астана процесінің 11-раундын қараша айының соңында немесе желтоқсан айының басында өткізу жоспарланған.
«Нұр-Мүбарак» университеті мен «Асыл Арна» телеарнасы меморандум қабылдады
16 ноября 2018
«Нұр-Мүбарак» университеті мен «Асыл Арна» телеарнасы меморандум қабылдады
Астана. 8 қараша. KAZISLAM –  «Нұр-Мүбарак» университеті мен «Асыл арна» телеарнасы арасында ынтымақтастық меморандумы қабылданды. Бұл тарихи сәт жүзеге асар алдында «Асыл арна» телеарнасының Бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабековты Нұр-Мүбарак университетінің ректоры профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди қабылдады. Екі жақты келісімнің еліміздегі имандылықтың, саналы ұрпақтың тәрбиесінде маңызы зор екендігі айтылып, болашақ жоспарларға шолу жасалды.
«Асыл арна телеарнасы жайлы біліп жатырмын, қазақ елінде дінімізді, имандылық пен адамгершілік құндылықтарын насихаттайтын телеарнаның болуы өте керемет. Себебі қазір технологияның заманы, адамдар көбіне ғаламтор, теледидар арқылы ақпарат алады. Ал жақсы, пайдалы ақпарат тарату – бұл үлкен еңбек» деді ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди.

«Бұл рухани саладағы үлкен оқиға. Өйткені «Асыл арна» эфирінен шығатын хабарларда сұхбат беретіндер негізінен осы «Нұр-Мүбарак» университетінің түлектері. Елімізге белгілі Қайрат Құрманбаевтай үлкен ғалымның келуімен жаңа өзгерістерге жол ашып, әріптестік байланыс меморандум арқылы жүйеленуда. Ынтымақтастығымыз университетке жаңа басшылық келуімен жаңа белеске көтеріліп жатыр» деді телеарна басшысы Мұхамеджан Тазабеков.

Кездесуге сыйымен келген «Асыл арна» төл туындысы, Бұхари хадисіне негізделіп, заманауи үлгіде түсірілген «Шатқал» фильмін ұсынды. Туындыны көрермендер тапжылмай отырып тамашалап, ризашылықтарын жаудырды.
Отанын тәрк еткен қазақ не үшін Сирияға кетті? 16.11.2018 0 189  —  Сәлафизмді әлі күнге дейін «деструктивті ағым» ретінде тани алмай келеміз. Не себепті? ҚМДБ филиалы Түркістаннан ашылуының астарында не жатыр? Осындай көкейтесті сұрақтарға жауап алу үшін
19 ноября 2018
Отанын тәрк еткен қазақ не үшін Сирияға кетті? 16.11.2018 0 189 — Сәлафизмді әлі күнге дейін «деструктивті ағым» ретінде тани алмай келеміз. Не себепті? ҚМДБ филиалы Түркістаннан ашылуының астарында не жатыр? Осындай көкейтесті сұрақтарға жауап алу үшін
Отанын тәрк еткен қазақ не үшін Сирияға кетті?
16.11.2018 0 189



Сәлафизмді әлі күнге дейін «деструктивті ағым» ретінде тани алмай келеміз. Не себепті? ҚМДБ филиалы Түркістаннан ашылуының астарында не жатыр? Осындай көкейтесті сұрақтарға жауап алу үшін философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетаймен халықаралық «Qazaqstan Zamany» қоғамдық-саяси газеті сұхбаттасқан екен. Біз де аталған сұхбатты порталымыздың оқырмандарына ұсынуды жөн көрдік.

Дін мен дәстүрді бөлу кімге тиімді?

— Соңғы кездері дін мен дәстүрді бөліп қарау теңденциясы жүріп жатыр. Дін мен дәстүрді бөле жара қарау кімге тиімді? Ата дін деп келдік, ал қазір дәстүрлі дін ұғымы пайда болды. Салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды бұл діни мейрам, я діни атрибут деп танудың астарында не жатыр?

— Кез келген ұғымдардың плафтормасын дайындайтын кеңістік бар, біз оны мәдениет деп атаймыз. Қазақтың мұсылмандық түсінігі — қазақ бол-мысының көрсеткіші, анықтауышы. Қазақтың мұсылмандығы, өзбектің, тәжіктің, татардың, арабтың, парсының мұсылмандығынан бірде-бір кем емес, қайта өзіндік ерекшелігі бар. Демек, қазақ мәдениетінің он сегіз қабатындағы дәстүр — бұл да норма қоятын қабат. Енді, бізде екі норма қоятын қабат бар: дін және дәстүр. Осы екеуінің арасындағы үндестік пен үйлесімділік арқылы ғана болмысымыз тіршілігін жалғастырады. Қазақтың бүгінге дейін мәдениеті, дүниетанымындағы әдет-ғұрыптардың барлығы сол шариғатпен үндесіп, дін- исламға қайшы келмегендіктен өмір сүріп келген.
Бізге дейін мәдениетімізді, дінімізді зерттегендер ориенталистер, түркітанушылар, шығыстанушылар болды. «Әһли сунна уал-жамағатты» дәстүрлі ислам деп атайды. «Әһли сунна уал-жамағатқа» кірмейтіндерді дәстүрлі емес ислам ағымдарына жатқызады. Өзіңіз айтып отырған ата дін — қазақтың дәстүрлі діні деген сөз. Қазақтың мәдениеті болғандықтан, мәдениетті ұйытып отыратын діни таным бар.

Дін діңгегі діни таныммен анықталады. Діни терминмен айтсақ, ол ақида. Ақида — діннің орталық ұғымдарының бірі. Имам Ағзам Әбу-Ханифаның құқықтық негізінде, Имам Матуридидің танымы негізінде қалыптасқан дініміз, мұсылмандығымыз бар. Біз оны дәстүрлі дін деп атаймыз. Дін мен дәстүр неге алға шықты деген сұрағыңыз өте орынды. Себебі барлық мәселе осы жерде туындап жатыр. Бұны да орыс ориенталистері зерттеп тастаған. Олар дін мен дәстүр деп емес, «Адат уа Шарият» деп бөліп зерттеген. Біз мұны әдет-ғұрып, салт-дәстүр дейміз ғой, ориенталистер «Адат уа ал Шария», шарият тең дін деп есептеген. Ал біздің ақидамызда (Матуриди) дін бөлек, шариғат бөлек.

Орыс ориенталистері не үшін «Адат уа Шариятты» негізге алды десеңіз, олар сонау Ш.Уәлихановтан бастайды. Қазақтар синкретті дінге сенеді деп тапты. Бұлар шаманға да сенеді, бақсыға да сенеді. Даласында мешіт-медресе жоқ, діни білім беру жүйесі жоқ, өзін «әлхамдулилла мұсылманмын» деп атайды. Не болмаса «Яссауи силсаласынанмын» деп айтады. Демек, бұлар дуалистер деп тауып, синкретті дінге сенеді деп есептейді. Әлемге осылай танытты. Негіздемесінде исламның шариғаты бөлек, бұлардың ғұрпы бөлек, параллель өмір сүре береді. Кейбір әдет ғұрыптары шариғатқа қайшы келеді деді. Барлығымыз осылай қабылдап, осылай ұқтық. Қазақтың тең жартысы 17,18,19 ғасырларда патшалық Ресей тарапынан медреселер салынып, сол жерде білім алып, исламға келді. Мұның барлығын осылай комментарии жасап отырған орыс ориентализмі. Кейін Кеңес үкіметі орнап, 70 жыл атеизм мен өмір сүрдім. Өзімізді өзіміз зерттей алмадық. Содан кейін Садумға (Ташкенттегі Орта Азиялық Дін істер Басқармасы) қарадық. 50 жыл Бабахановтар әулеті басқарды.

Кеңес үкіметі құлап, тәуелсіздік алдық. Жаңағы ғылыми атеизмнің орнын уахабизм басты. Сәлафиттердің айтқандары уәжді болды. Оқығандары қазақ ұлтынан болды. Қазақ деген қандай ұлт дегенде, Ш. Уәлихановты оқиды, орыстың ориенталистерін, ғылыми атезмнің методологиясын оқиды. Қазақ туралы жазылған этнографиялық деректерді оқиды дағы, қазақтар сөзде ғана мұсылман екен, бұларда таухид болмаған екен, дінді дін деп, шариғатты шариғат деп білмеген екен, бұларға таза дінді алып келу керек деп шешім қабылдайды. Қазақ туралы ориентализм деректері керемет платформа болады да, Қазақстанға қайтадан «ислам дінін таратуға» себеп болады. Дәстүрді жоққа шығарады. Қазақтың барлық дәстүрі исламға қайшы деп танылады. Беташарын, молаға зиярат жасау, жеті шелпек пісіру секілді сенің дәстүрің шариғатқа қайшы деп танылады. Мысалы, беташар ұлттық болмысымыздағы ең басты құндылықтардың бірі. Бір отбасының екінші бір отбасымен немесе келіннің басқа бір отбасына сіңісуі сәлем беру арқылы жүзеге асатын дәстүр. Дәстүр діни ритуал емес. Бұл жерде беташар — дәстүрлі құндылық. Ал диструктивті діни топтағылар сәлем салуды, оған бір табыну сияқты немесе иілуді «ғибадат» құлшылық етумен қасақана идентификациялап, бұны да ширк ретінде көрсеткісі келеді.

Қазақ мәдениетінің он сегіз қабатының барлығында ислам ізі бар

— ҚМДБ осыдан төрт жыл бұрын «Дін мен дәстүр» жылын жариялаған болатын. Басқарма бастамасы қаншалық нәтиже берді? Орыс ориенталистерінен оқып, тәуелсіз қазақ даласына жаңалық алып келген уахабизм өкілдерінің идеологиясына төтеп бере алды ма?

— Жаһандық деңгейде дін құбылысы саясиланып тұр. Мұны ажыратудың платформасы болмысқа қатысты шешіледі. Біз салафилер, уахабилер айтпақшы кеше ғана мұсылман болған, кеше ғана таухидті түсінген ұлт емеспіз. Ислам біздің топырағымызға ҮІІ ғасырдың соңында, ҮІІІ ғасырдың басында келген. Әйгілі Атлах, Талас соғысынан кейінгі жерде біз ислам өркениетімен танысып, еркін сұхбат құра бастадық. Диалогтың аяғы бірегейленуге айналды. Нәтижеде ислам халқымыздың өркениеттік мәдени болмысына айналды. ҚМДБ-ның ниеті дұрыс. Уахабизмге қарсы дін мен дәстүр егіз ұғымды алға тартып, идеология жүргізді. Әлі жалғасын тауып келеді. Діни басқарма орыс ориенталистерінің «діні бөлек», «шариғаты бөлек», «әдет ғұрпы бөлек» деген шаблондарына қарсы, осыны негізге алып, әдет-ғұрпын жоққа шығарып жатқан сәлафиттерге қарсы қазақтың «дін мен дәстүрі бір» деген идеология жүргізді. Шын мәнінде эпистемологиясы дұрыс емес дер едім. Себебі қазақ халқының мәдениеті, діни танымы, діни санасы, діни тәжірибесі бар. Ғасырлар бойы өзінің мәдениетін қалыптастырған халық. Бұл мәдениеттің мазмұнында ислам діні бар. Кез келген мәдениет (араб, парсы, орыс, қытай) 18 қабаттан тұрады. Оның ішінде қазақ мәдениеті де 18 қабаттан тұрады.

Қазақ мәдениеті — жеке-дара болмыс. Бұл мәдениеттің он сегіз қабатында исламның ізі жатыр. Ал енді, радикалды, экстремистік топтардың өлшемдері, нормалары мен шаблондарының кереғар екенін анықтау үшін осы болмыстық тұғырымызбен салыстыра қараймыз. Бірінші қабаты — тіл. Он сегізінші қабаты сана болып есептеледі. Екінші қабаты — ойлау жүйесі делік. Біздің тілімізде ислам дінінің ықпалымен мұсылман болғанымыздың нәтижесінде араб ұғымдары тілімізге сіңген. Тілшілер бұрын оны арабизм, иранизм деп бөліп тастайтын. Тіл ғылымы, тіл философиясы солай анықтаған. Біздің тіліміздегі араб ұғымдарын қарайтын болсаңыз, барлығы аксиологиялық сипатта. Барлығы құндылықтық мәнге ие. Мейірім (рахим) — моральдық құндылықтық мәнге ие сөз. Немесе әділет (адалет) деген сөзді алып тастайтын болсаңыз, оның орнына не қоясыз? Бұл да аксиологиялық құндылық. Құқық деген сөздің аржағында фиқх, шариғат, дін бар. Араб тілінен енген сөз болғанмен, ана тілімнің бір бөлшегі ретінде сіңіп кеткен. Демек қазақ мәдениетінің бірінші тіл қабатында-ақ ислам дінінің бүкіл платформасы тұр.

Екіншісі — ойлау жүйесі. Батыста триада деген ұғым бар: тезис, антитезис, синтез. Үштіктен бірлік туады дейді. Христиан дінінің киелі рух, қасиетті әке, қасиетті бала түсінігі бар. Хазіреті Исаның үш қыры деп есептейді. Үштік ойлау жүйесі — триада олардың философиялық ойлау жүйесіне, дүниетанымына әсер еткен. Сол сияқты қазақ дүниетанымында да универсализм бар. Жақсылықты тану үшін жамандықпен салыстырылу керек. Ақты тану үшін қарамен тұтас қаралу керек. Мынау бірінші, мынау екінші сияқты иерархиялық ойлау жүйесі бізде жоқ. Себебі біздің тілімізде тек (мужской, женский, средний род) жоқ. Парсы, иран, латын тілдерінің барлығында тек, триада бар. Мынау еркек, мынау әйел, мынау бірінші, мынау екінші деп бөлу жалпы түркі тілдерінде жоқ. Біздің ойлау жүйеміз исламменен біте қайнасып, универсализм деңгейіне жеткен. Алланың Бір және Бар екендігінің трансцедентті әрі иманенті (мән+құбылыс) болмысы толық сақталған.

Қазақ деген ұғымның өзі мұсылман дегенді білдіреді

— Өзін «бірінші мұсылманмын, сосын қазақпын», немесе керісінше «қазақпын, сосын мұсылман» деп жүргендер бар. Мәселені енді түсініп отырған секілдімін.

— Дәл осындай «бірінші мұсылман-мын, сосын қазақпын» деген секілді біріншімін, екіншімін деген категорияны білдірпей кіргізіп жатыр. Бұл сәлафизмнің тікелей методы, соның негізінде қалыптасқан. Қазақтың универсалды ойлау жүйесінде бірінші, екінші деген болмаған. Қазақ деген ұғымның өзі мұсылман дегенді білдіреді. Қазақтың тарих сахнасына шығуына әсер еткен негізгі фактор ислам. Алтай, Тува жерінде болсын, Моңғолия жерінде болсын қазақ деген саяси бірліктің ішіне кірмей қалған небір рулар бар. Олардың «қазақ» деген категорияға кірмеуінің себебі исламды қабылдамағаны, христиан дінінде, шамандықтарында қалып қойғандығы-нан дейміз. Исламды қабылдаған көп рулар қазақ болмысының ішіне кірді. Бұл — дала мұсылмандығының ерекшелігі.

«Конституция мен шариғат негізінде не бар?»

— Қазақ мәдениетінің он сегіз қабатының барлығында ислам ізі бар дедік. Өнеріңде, поэзияңда, музыкаңда, сәулетіңде, құқығыңда, әдет-ғұрпыңда, моралыңда, ойлау жүйеңде ислам ізі сайрап жатыр.  Сол себепті исламды қазақ мәдениетінің мазмұны деп атаймыз. Жоғарыда айтып отырған эпистемологияның дұрыс емес деп отыр-ғанымыз осы. Ниет дұрыс болғанмен, танымдық теориясы дұрыс болмады. Бұл да уақыт өте келе түзелер. Қазір біз дәстүр мен дін қатынасы тұрғысынан емес, болмысты дін мен мәдениет қа-тынасынан қарауымыз керек. Себебі кез келген құбылысқа ғылыми танымның терезесінен қарауымыз шарт. Біз зайырлы елміз. Зайырлы елде дінге қатысты нақты ұғымдар, нақты категориялар анықталу керек. Діннің құқықтық негізі — шариғат. Мемлекеттің құқықтық негізі — конституция. Дін мен мемлекеттің қатынасы конституция мен шариғат негізінде ажырайды. Діннің біздің мәдениетіміздегі 18 қабатындағы орны әдет-ғұрып деген жерде ортақтасады, болмысқа, тұтастыққа ұмтылады. Әдет ғұрып та, шариғат та норма қояды, конституция да норма қояды. Норма қою деген сөз —  шаблон ұсыну. Ол адамның құқықтық шеңберін анықтайды. Сондықтан зайырлылық ұстанымы «құқықтық ұстаным» деп айтамыз. Мемлекет пен діннің ажырайтын жері құқықтық негізде ғана,  шариғат пен конституция деп  бөлек қараймыз. Мемлекет пен дінді біртұтас деп атаймыз. Ол тілде, ойлауда, тарихта, әдет-ғұрыпта, музыкада, поэзияда, санада, моральда т.т.  Себебі Қазақстан республикасын құрушы мәдениет — қазақ мәдениеті. Дін мен мәдениет бөлек бола алмайды, себебі дін мәдениетіміздің 18 қабатын көктеп өткен. Ал мәдениетсіз мемлекет болмайды. Тек құқықтық норма тұрғысынан бөлек деп түсіндіріп жатырмыз.

Сәлафизм бүкіл болмысымызды, тарихымызды жоққа шығарғысы келді

— Өзіңіз айтып отырған сәлафизмді деструктивті ағым ретінде әлі тани алмай келеміз. Тәкпіршілдікті де сәлафизмнен ажыратып алдық, онымен қоймай ақтап алдық. Осы салаға жауапты өкілетті органдар «идеология» деп амал жоқтықтың күйін кешіп отырған секілді. Қолдағы бар ресурспен «сәлафизм идеологиясымен» күрес дейді. Идеологиямен күресу, оны жеңу мүмкін бе? Тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл уақыт болды, комсомолдың 100 жылдығын тойлап жүрміз.

— Ислам — антропоцентристік дін. Ал, экстремизм деген жалпы, адамды жоққа шығаратын, оның еркін таптайтын, еркіндігін шектейтін, кез келген мәселені адамсыз шешуге тырысатын таным. Адам мәселесі болмаған жерде дін де болмайды. Яғни, ол жерде дін жоқ деген сөз.

Бүгінгі қоғамдағы экстремистік-радикалдық бағыттағы топтар сырттан көшіп келген жоқ, олар біздің отбасымыздан, осы топырақтан, бауырымыздан шыққан азаматтар. Олардың көбі ақида мәселесінен, бұрынғы мен жаңаның арасында немесе дәстүрлі түсінігіміз бен бүгінгі түсініктердің арасындағы діни танымдық жіктен туындап жатыр. Бұл жерде дәстүрлі діни білім берудің тарихи сабақтастығының үзілуі де көп жайды аңғартады. Себебі кеңестік дәуірде діни білім беруге тыйым салынғандықтан дәстүрлі сабақтастық үзілді. Енді егемен ел болып, сабақтастықты қайта жалғайтын кезде осы дін мәселесінде «әке көрген оқ жона алмай» қалды. Себебі, әкелеріміз, аға буын діни танымды, діни тәжірибені, діни білімді баласына беруге қауқарсыз болды. Себебі, ол өзі дінді білмейді. Міне, осындай кезде ұрпақтар арасындағы сабақтастықта үлкен бір дилемма пайда болды. Соның зардабын көріп жатырмыз. Қазіргі күрестің мәні осында жатыр. Бұл табиғи құбылыс, қорқатын мәселе емес. Бұл жерде қай құндылықтық өлшемдер алға шығады деген жарыс болып жатыр. Ұрпақтар арасындағы сұхбатта құндылықтарды таңдау, қабылдау әрі сақтау күресі жүріп жатыр. Жастардың бұрынғы ұрпақты мойындамайтындығы олардың діни танымынан көрініс беруде.

Сәлафизм бағытын ұстанатындар сенің бүкіл болмысыңды, тарихыңды жоққа шығарып, ревизия жасағысы келеді. Жалпы тарихты жоққа шығару — уақытты жоққа шығару деген сөз. Ал, уақытты жоққа шығару — философиялық таным бойынша кеңістікті де жоққа шығару, одан безуді білдіреді. Міне, отанын тәрк етудің тегі осында жатыр. Қазақ не үшін Сирияға кетті? Оны сәлафизм бағытын ұстанатын жастардың танымынан көруге болады: мына топырақ киесіз, құны жоқ, себебі «кәпірлердің топырағы» (дар ал куфр). Бұл жер менің мәңгілік құтқарылуыма, рухани жаңғыруыма әсер етпейді дейді. Өз отанын, туған жерін «дар ул куфр» сонымен қатар «дар ал харб» деп таниды. Бұл екі тіркес те саяси-құқықтық танымдық өлшемдерді анықтайтын категориялар. Сөйтіп, жастардың кейбіреулері халифат идеясымен кетіп, өз отанын тәрк етіп жатыр. Міне, салафизмнің диструктивті ағым екенін, оның экстремистік шаблондарына қарап ажыратамыз.

Біз бүгінгі жастарға, өзінің мұсыл-мандық негізінің басқа мұсылмандардан ешқандай кем емес екендігін түсіндіре беруіміз керек. Өзіміздің тарихымызды ғылыми негіздеп, оның құндылықтарын, танымдық қабаттарын, діни тәжірибесін, Фарабиден бастап Мәшһүр Жүсіпке дейінгі аралықтағы тұлғаларменен, олардың шығармаларыменен, діни білім беруде болсын, зайырлы білім беруде болсын кешенді жүйелі түрде беруіміз керек. Сонда жастарымыз өзінің бүкіл тарихына күмәнмен қарауды тоқтатады деп сенуге болады.

Діннің төрт саласы ─ діни сенім, діни тәжірибе, діни таным және діни сананы тұтас қарастырамыз. Мұның ішінде Құран, сүннет, дәстүр, тарихымыз бар. Қазақтың діни санасы тірі, сонымен есептесуге мәжбүр. Қазақты түп-тамырымен жойып жібермейінше, діни сана жойылмайды. Ол бір субстанция, жауһар, дән. Кез келген топырақта өне бермейді. Сәлафизм топырағында ол ешқашан көгермейді. Егемендік жарияланған кезде, оның көктемі болды, жайлап бүршік ата бастады. Табиғи тұрғыда қалыптасқан болмысын аңсап, орала бастағанда сәлафизмді ығыстырып шығарды. Халық болып сәлафизммен күресу соның бір көрсеткіші іспетті. Сәлафизм мың медресе, я коммунизмнің мың бөлімшесін ашқанмен, діни сана онымен диалектикалық сұхбатқа түседі, күреседі, жоюға дейін барады. Өз ареалын тазалап алады. Мұның аты діни сана, мәдениет деген сөз.

Ал комсомолдың юбилейін тойлап жүргендерді, бүгінгі егемен елдің мұраты мен мемлекеттілігінің мәнін ұғынбаған жартыкеш белсенділер, қазақ мәдениетінің киесін түсінбегендер, ұлт қасіретін сезінбегендер дер едім…Негізі ұғыну, түсіну, сезіну деген интеллектуалдық акциялар ұлт болмысында жалпыға бірдей беріле бермейді..Оның үстіне саяси идеологиялық хаостағы қоғам үшін неге бұлай деудің өзі артықтау…

Түркістан —  киелі тарих,  киелі мекен, киелі кеңістік, киелі уақыт

— Ағымдағы жылы ҚМДБ филиалы Түркістаннан ашылды. ҚМДБ-ның бұл қадамын қалай бағалар едіңіз?

— Өте орынды сұрақ. Қазақтың діни санасы тірі болғаннан кейін, көптеген дүниені мойындатады. Жаңадан сайланған муфтиді өте іскер азамат деп білеміз. Елбасына алдына барып «Қазақ мұсылмандық мектебін жаңғыртамын» деген азамат. Бұған дейін оны ешкім айтпады. Қаңтар айының соңына таман барлық имамдарды Түркістанға жинады. Тарихи зиярат жасады. Бұл — тарихтағы діни тәжірибені, дін саясатын меңгерген адамның ісі. Түркістан — киелі тарих, киелі мекен, киелі кеңістік, киелі уақыт. Онымен байланысу, онымен тұтас болу — үлкен ұстаным. Тарихи жаңғыру дейді мұны. Муфтидің бұл қадамына оң баға беремін.

— Сұхбат бергеніңізге рақмет!

Сұхбаттасқан — Бауыржан Карипов
Имамдар электронды үлгіде аттестациядан өтті
15 ноября 2018
Имамдар электронды үлгіде аттестациядан өтті
Астана. 9 қараша. KAZISLAM –  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Тараз қаласында Сараптау комиссиясының жұмысына қатысты.
«Аттестация мақсаты — дін қызметкерінің білімі мен қабілетін айқындау. Білімін дəлелдей алмаған имамды қайта оқыту курсынан өткіземіз» деп атап өтті Серікбай қажы Ораз.

Айта кетейік, Жамбыл облысына қарасты 400-ден астам дін қызметкері арнайы əзірленген электронды тест жүйесімен сынақ тапсырды. ҚМДБ Діни істер бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбеттің айтуынша, аталған жоба Сараптау комиссиясының жұмыс тиімділігін арттыруда.

«Электронды тест сұрақтарында ақида,  фиқһ, заң, ҚМДБ құрылымына қатысты сауалдар енгізілген. Имамдар бұған қоса ауызша емтиханнан өтті» дейді Н.Əуезханұлы.

Сараптау комиссиясына наиб мүфти Алау Əділбай төрағалық етті.
Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Түркістан облысында  алдын алу жұмыстарын жүргізді  Ағымдық жылы қарашаның 1-2 күндері Қоғамдық келісім комитеті жанындағы Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) тұрғындар
12 ноября 2018
Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Түркістан облысында алдын алу жұмыстарын жүргізді Ағымдық жылы қарашаның 1-2 күндері Қоғамдық келісім комитеті жанындағы Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) тұрғындар
Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Түркістан облысында

алдын алу жұмыстарын жүргізді

Ағымдық жылы қарашаның 1-2 күндері Қоғамдық келісім комитеті жанындағы Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) тұрғындар арасында бірқатар кездесулер өткізді. Түркістан өңіріне іс-сапармен келген топ құрамында ҚР Білім және ғылым министрлігінің де өкілі болды.

РАТТ мүшелерінің қатысуымен Түркістан, Шымкент, Кентау қалаларында, Ордабасы, Арыс, Сарыағаш, Келес аудандарында нысаналы топтармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, РАТТ өкілдері өңірдегі діни оқу орындарындағы білімгерлермен, яғни, медресе шәкірттерімен кездесіп, зайырлы мемлекеттегі дін мен білім, дін мен ғылым, дін мен жастар дамуының үйлесімділігі турасында сұхбаттар жүргізді.

Жұмыс аясында әйел жамағаттарымен бірқатар кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында қоғамдық ортадағы дін атын жамылған ағымдардың арбау әрекеттері және одан сақтану жолдары жөнінде кеңестер берілді.

Сондай-ақ, жұмыс жоспары аясында РАТТ мүшелері дәстүрлі емес діни көзқарасты ұстанатындармен, түзету мекемелерінде жазасын өтеушілермен кездесті.
12 ноября 2018
Объявление о проведении конкурса среди журналистов Карагандинской области на лучшее освещение в средствах массовой информации (далее – СМИ) вопросов религиозной сферы и профилактики религиозного экстремизма. Целью конкурса является привлечение журнал
Объявление о проведении конкурса
среди журналистов Карагандинской области на лучшее  освещение в средствах массовой информации (далее – СМИ)  вопросов религиозной сферы и  профилактики религиозного экстремизма.

Целью конкурса является  привлечение журналистской общественности, СМИ к широкому освещению государственной политики в сфере религии и её реализации по сохранению стабильности в религиозной сфере региона, укреплению межконфессионального согласия, профилактике распространения идей религиозного экстремизма, терроризма и учений деструктивных культов через объективное освещение темы религии, информирования населения о принципах государственно-конфессиональных отношений, пропаганды духовных традиций казахстанского общества.
Требования к публикуемым и транслируемым в СМИ материалам:
а) содержание статей и передач должно соответствовать общим принципам конфессиональной политики государства, сложившимся в Казахстане традициям толерантных отношений между конфессиями;
б) не противоречить нормам Закона РК «О религиозной деятельности и религиозных объединениях», в том числе не содержать элементов пропаганды исключительности той или иной религии, разжигающих межрелигиозную рознь, ущемления прав граждан по мотивам религиозных убеждений;
в) информационная насыщенность материалов, глубина освещения темы;
г) соблюдение этических норм в отношении к религиозным чувствам верующих, деятельности религиозных объединений, действующих на территории области.
Определение победителей Конкурса осуществляется решением конкурсной комиссии.
Отбор материалов для рассмотрения и определение победителей производит конкурсная Комиссия, в состав которой входят представители государственных органов, журналистского пула, научно-экспертного сообщества, авторитетные представители областного филиала Союза журналистов Казахстана.
Победитель Конкурса определяется по  номинации:
«Лучший теле-радио и интернет материал, лучшая публикация в периодическом печатном издании области».
Материалы принимаются на государственном и русском языках. Последний день приема материалов на конкурс 23 ноября текущего года (дата получения).
Материалы на конкурс представляются по адресу: г.Караганда ул.Гоголя 34 ГУ «Управление по делам религий Карагандинской области», (diana392@mail.ru) отдел анализа религиозной ситуации, информационно-разъяснительной и методической работы. Телефон УДР 8(7212)565693, Ибраева Диана - +7 708 757 81 57.
12 ноября 2018
Қарағанды облысының журналистері арасындағы дін саласы және діни экстремизмнің алдын алу мәселелерінің бұқаралық ақпарат құралдарындағы (одан әрі - БАҚ) үздік жарияланымы байқауын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Қарағанды облысының журналистері арасындағы
дін саласы және діни экстремизмнің алдын алу мәселелерінің
бұқаралық ақпарат құралдарындағы (одан әрі - БАҚ)
үздік жарияланымы байқауын өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ

Байқаудың мақсаты журналистер  қауымдастығын,   БАҚ-ды дін саласындағы мемлекеттік саясатты кеңінен жариялауға және өңірдегі дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, конфессияаралық келісімді нығайту, дін тақырыбын объективті жариялау арқылы діни экстремизмнің, терроризмнің және деструктивті діни ғұрыптардың таралуының алдын алу шараларын жүзеге асыруға тарту; тұрғындарды мемлекеттік-конфессиялық қатынастарының қағидаттары туралы ақпараттандыру; қазақстандық қоғамның рухани дәстүрлерін насихаттау болып табылады.
БАҚ-да жарияланатын және жарыққа шығатын материалдарға қойылатын талаптар:
а) мақалалар мен хабарлардың мазмұны мемлекеттің конфессиялық саясатының жалпы қағидаттарына, Қазақстанда қалыптасқан конфессиялар арасындағы толеранттылық қатынастарына сәйкес келуі тиіс;
б) Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының нормаларына қайшы келмеуі, оның ішінде мазмұнында белгілі бір дінді немесе олардың айрықшылығын насихаттау және дінаралық келіспеушілікті тудыратын, діни нанымдарының уәждемелері бойынша азаматтардың құқықтарын кемсіту элементтері болмауы тиіс;
c) материалдардың ақпараттық қанықтылығы, тақырыпты қамту тереңдігі;
г) дінге сенушілердің сезімдеріне, облыс аумағындағы қолданыстағы діни бірлестіктердің қызметіне қатысты этикалық нормалардың сақталуы.
Байқау жеңімпаздарын анықтау байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.  
Байқау комиссиясы материалдарды қарау үшін іріктейді және жеңімпаздарды анықтайды, оның құрамына мемлекеттік органдардың, журналистер пулының, ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері және Қазақстан Журналистер Одағы облыстық филиалының беделді өкілдері кіреді.
Байқау жеңімпазы келесі номинация бойынша анықталады:
-  «Үздік теле-радио және интернет материалы,  облыстың мерзімді баспа басылымындағы үздік жарияланым».
Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Материалдарды байқауға қабылдаудың соңғы күні: 23 қараша 2018 жыл (алу күні).
Байқау материалдары мына мекенжай бойынша ұсынылады- Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі 34, «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ,   (diana392@mail.ru) діни ахуалды талдау, ақпараттық-түсіндіру және  әдістемелік жұмыс бөлімі. ДІБ телефоны: 8(7212)565693, Ибраева Диана - +7 708 757 81 57
Телефон горячей линии: +7 (7212) 39 75 15 (с 9:00 до 20:00)