Дүниетаным

6 декабря 2018
29 қаңтарда ҚР Дін істері және азаматтық істер министрі Нұрлан Ермекбаев Парламент Мәжілісінде діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін өзгертулерді таныстырды.
Өткен жылы, Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу кезінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әзірленді.
Заң жобасын дайындау мемлекеттік-конфессионалдық қатынастарды уақытында жетілдірудің, дін қызметі субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін нақтылаудың, сонымен қатар уақыт талаптары мен міндеттеріне сәйкес дін саласын реттеудің үлгісі болып табылады.
Заңнамаға енгізілетін түзетулер жөніндегі ұсыныстар қазақстандықтар мен конфессия өкілдерінің белсенді қатысуымен дайындалғанын атап өткен жөн. Азаматтардың, мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және сарапшылар қауымдастығының пікірлері мен ұсыныстары зерделенді. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибенің нормаларын зерттеу мен қолдануға баса назар аударылды.
Жалпы алғанда, заң жобасында 12 заңнамалық актіге 53 өзгертулер мен толықтырулар көздеген. Олар негізінен құқықтық нормалар мен ұғымдарды  нақтылауға,  жауаптылық шараларына бағытталған.
Әрине, олардың көбі Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына ұсынылды.
Діни экстремизм мен радикализмнің барлық көріністеріне қарсы күрес жүргізіліп жатқан жағдайда, «деструктивті діни ағым» және «діни радикализм» деген жаңа ұғымдарды енгізу радикалды ілімдерді жақтайтындардың деструктивті әрекеттерін еркін түсіндіруден және құқықтық бағалаудан алшақ болуына мүмкіндік береді. Ойлап қарасаңыз: «деструктивті діни ағым» - діни көзқарастардың, идеялардың жиынтығы, сонымен қатар адамгершілік негіздерін, рухани және мәдени құндылықтар мен дәстүрлерді әлсіретуге және (немесе) бұзуға қабілетті, адамның қорғалатын құқықтары мен бостандықтарына қауіп төндіретін ілім» және «діни радикализм» - адамның діни көзқарастарды және наным-сенімдерді ымырасыз, шектен шыға ұстануы, бұл ұстаным діни ұйғарымдар мен догмалардың қалтқысыз орындалуына басқа адамдарды күштеу іс-әрекеттерімен және шақыруларымен сүйемелденеді» (авт.белгіленген).
Діни білім алу саласына да өзгертулер енгізу көзделген. Қазақстандықтардың дәстүрлі ілімдерге сәйкес келмейтін шетелдік діни білімді көбінесе өздігінен алатынын ескерсек, олар радикализм идеяларының тасымалдаушылары болып шығады.
Сондықтан, «Қазақстан Республикасының азаматтарының Қазақстан Республикасындағы жоғары рухани (діни) білім алғаннан кейін ғана шет мемлекеттерде рухани (діни) білім алуына рұқсат беріледі. Халықаралық келісімшарт (келісім) негізінде, сонымен қатар тіркелген діни бірлестіктердің Қазақстандағы рухани (діни) білім беру ұйымдары болмаған жағдайда ғана шетелде оқуға рұқсат берілетіні» көзделді.
Қазіргі кезде көпшілігі діни атрибутика элементтері бар киімді киюге тыйым салынғаны туралы мәселені талқылауда. Иә, мұндай тыйым енгізіледі. Бірақ ол тек деструктивті ілімдерге жататына қатысты болады: «Қоғамдық орындарда деструктивті діни ағымдарға жататынын көрсететін сыртқы атрибуттарды, киімдерді пайдалануға, киюге және таратуға жол берілмейді».
Қызметтік (лауазымдық) міндеттерін орындауға, медициналық мақсаттарда, азаматтық қорғаныс, ауа райы жағдайларында, сонымен қатар спорттық, спорттық - бұқаралық және мәдени - бұқаралық   іс-шараларға қатысуға қажет болған жағдайларды есептемегенде, қоғамдық орындарда адамды тануға жол бермейтін киім киюге тыйым салынады.
Нақтылап айтатын болсақ, бұл жерде: «Өкілетті органның, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының бірлескен нормативтік құқықтық актісімен сыртқы атрибуттары мен киімдерімен қоса, деструктивті діни ағымдарға жататындығын анықтайтын белгілері бекітіледі» - деген түсініктеме беріледі.
Сыртқы белгілерімен бірге, идеологиялық, тұжырымдамалық, психологиялық және басқа да белгілері болуы мүмкін.
Атап айтқанда, дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев: бұл жөнінде: «Одан кейін бұл белгілерді ашық түрде көрсетуге тыйым салу ұсынылады. Мысалы, деструктивті діни ағымдардың сыртқы белгілеріне исламның радикалды ағымдарына тән нәрселер жатқызылуы мүмкін. Мысалы, төзімсіздікті уағыздау, бетін жабатын киім мен қысқартылған шалбар кию, сақал қою. Бірақ олардың әрқайсысы жекелей емес, кешенді түрде қарастырылады да, тек арнайы сараптама ғана оның  деструктивті діни ағымдардың белгісіне жататындығын  анықтайды» - деген түсініктеме береді.
Сонымен қатар, қоғамдық орындарда адамды тануға кедергі келтіретін киім түрлерін киюге тыйым салынатынын заңды түрде бекіту ұсынылады. Нақты айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінде: «Қоғамдық орындарда адамды тануға кедергі келтіретін киім түрлерін киюге қатысты заңнама талаптарын бұзғаны үшін ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға  елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», «Жарнама туралы» Заңда: «Деструктивті діни ағымдарға жататындығын көрсететін сыртқы атрибуттарды, киім түрлерін жарнамада пайдалануға тыйым салынады».
Бұл талап барлық қазақстандықтарға, шетелдіктерге (дипломатиялық иммунитеті бар адамдардан басқа) және азаматтығы жоқ тұлғаларға қолданылады.
Қазіргі кезде діни нормалар бойынша отбасылық-неке қатынастарына қайтып оралу жөніндегі ұсыныстар туралы көп оқуға және естуге болады. Деструктивті ағым өкілдерінің ғибадат үй-жайлары мен әдет-ғұрып мекемелерінен тыс жерлерде заңсыз некеге отыруы, оның ішінде кәмелетке толмағандармен де некеге отыру мысалдары жиі болып тұрады. Исламдық деструктивті діни ағымды ұстанатындардың арасында мұндай некелік одақтар ер адамның жай ғана ауызша өтінішімен бұзылады. Нәтижесінде әйелдер мен балалар зардап шегеді.
«Діни ғимараттардан (құрылымдардан) тыс жерлерде неке қию немесе некені бұзу жөніндегі діни салт-ғұрыптар мен рәсімдерді өткізуге жол берілмейді. Сонымен бірге, мұндай некенің/ажырасудың (ерлі-зайыптылықтың) заңды күші жоқ» - деп заңмен бекітіледі.
    Балаларды әртүрлі діни салт- ғұрыптарға көптеп тартатындарын ескере отырып, кәмелетке толмағандардың қатысуымен құлшылық ету, діни салт- ғұрыптар мен рәсімдер өткізудің талаптарын арттыруды заңнамалық түрде бекіту ұсынылады.
    Осылайынша, ҚР «Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы» Заңда: «Рухани (діни) білім беру ұйымдарында оқып жүрген тұлғаларды есептемегенде, он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағандар ата-анасының біреуі немесе кәмелетке толмағанның заңды өкілі қарсы болмаған жағдайда, құлшылық етуге, діни салт- ғұрыптарға, рәсімдер мен (немесе) жиналыстарға ата-анасының біреуімен, кәмелетке толған жақын туыстарымен немесе кәмелетке толмаған баланың басқа заңды өкілдерімен бірге еріп бара алады» - деп нормативті түрде бекіту.
    Қазақстанның әр азаматының «діни немесе нанымдарды ұстану еркіндігін жүзеге асыруға» құқығы бар екендігіне қарамастан, мемлекеттік қызметшілер үшін бірқатар шектеулер көзделеді: «Мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлері өздерінің қызметтік жағдайларын және оларға байланысты мүмкіндіктерін діни бірлестіктердің мүддесі үшін пайдалануға, сонымен қатар өзге тұлғаларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға, діни салт- ғұрыптарға қатысуға және (немесе) діни оқуға мәжбүрлеуге құқығы жоқ» және «Өздерінің діни нанымына байланысты Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерді орындаудан бас тартуға ешкімнің құқығы жоқ».
Мұның бәрі мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта діни мекемелерге бару, діни іс-шараларға қатысу құқығын шектемейді. Бұл ретте,  олар әрдайым өздерінің мәртебесін есте сақтауға және мемлекеттік қызметшінің әдебін сақтауға міндетті.
Ұсынылып отырған бірқатар түзетулер мемлекеттік органдардың құзыретіндегі өзгертулерді де көздейді.
Ең алдымен, діни бірлестіктердің қызметін тексеру және деструктивті діни ағымдарды ұстанатындардың санын бағалау құзыретін дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне бекіту ұсынылды.
Бұл елдегі діни ахуалды неғұрлым құзыретті бағалауға, дін саласында радикалдардың қызметінің жолын кесуге жедел шараларды қабылдауға мүмкіндік туғызады.
Өңірдегі діни ахуалды зерделеу және талдау міндетін, өңірде жұмыс істейтін діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметіне талдау жасауды облыстық және аудандық маңызы бар қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне бекіту ұсынылады.
ҚР Қылмыстық-атқару кодексінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және дін қызметі саласындағы өкілетті органының келісімі бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталғандармен теологиялық оңалту қызметінің мақсатты жұмысын ұйымдастыру жөніндегі ережелерді бекітуді  ҚАЖК құзыреттіне беру ұсынылады. Бұл оларға құқықтық тұрғыдан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Діни қызметке байланысты қылмыстардың алдын алу жөніндегі ІІМ функцияларын кеңейту ұсынылады. Атап айтқанда, «адамдарды қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке бірден тартпай, оларды криминалдық есепке алу және де қажетті тергеу амалдарын жүргізу үшін ішкі істер органдарының құзыретімен тергелетін, сонымен қатар діни қызмет саласындағы әкімшілік құқықбұзушылыққа жататын экстремистік және террористік қылмыстарды жасауға жағдай жасайтын іс-әрекеттерге жол берілмейтіні туралы міндетті түрде орындалуға тиісті жазбаша ресми ескертуді жеке тұлғаларға хабарлау».  
Діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері жөніндегі заңнамаға ентгізілетін осы және басқа да ұсыныстарды дінге сенушілердің, конфессиялардың құқықтарын шектеу ретінде қарастыруға болмайды.
Түзетулер дін саласындағы заңдардың нақты орындалуына, діни экстремизм жақтастарының деструктивті әрекеттеріне қарсы тұруға мүмкіндік береді, азаматтарды, отбасыларын, балаларды олардың ықпалынан қорғайды.
Қорыта айтқанда, бұл конфессиялардың өздеріне пайдасын тигізеді, өйткені нақты құқықтық тұрғыдағы жұмыс, қажетті жағдайда олардың және діни сенімдегі адамдардың өз құқықтарын құқықтық тұрғыдан қорғауына мүмкіндік береді. Өйткені, заңнамаға сәйкес «Діни немесе нанымдарды ұстану еркіндігін жүзеге асыру тек қана заңдармен және конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, тұрғындардың денсаулығын және адамгершілігін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті дәрежеде ғана шектелуі тиіс».
Заңға енгізілген түзетулер дін саласында жұмыс істейтіндердің басқа мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, діни конфессиялармен тығыз ынтымақтастықта мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруына мүмкіндік береді.










Дүниетаным – дүние және ондағы  адам туралы тұтас көзқарас. Тарих дамуында адамзат дүниетанымының 3 тарихи түрі қалыптасты: 1. мифология; 2. дін; 3. философия.

Мифолгия (гректің «миф» - «аңыз» сөзінен) – қоршаған дүние туралы реалды түсінікпен қатар фантастикалық қиялдың қосындысынан тұратын ежелгі қоғам дүниетанымы, қоғамдық сананың формасы.

Дін – (латынның «религия» - «құдайшылдық» сөзінен) – сенімге негіздлген, адам өмірі мен қоршаған дүниені басқаратын, жарататаын құдіретті күштердің барын мойындайтын дүниетаным түрі. Діни дүниетаным адамнан дүние туралы сезімдік, образды-эмоционалды түсінікті талап етеді. Діннің мақсаты мен мағынасы – қоғам мен жалпы адамзаттың назарын Құдайға бағыттау арқылы бір бағытқа жұмылдыру, орталықтандыру, сол арқылы адамды және осы дүниелік болмысты мәртебелендіру.
Дін де миф ізденетін сұрақтарға жауап береді:.
1.    Әлемнің, Жердегі тіршіліктің, адамның пайда болуы;
2.    табиғи құбылыстарға түсінік;
3.    адам әрекеті мен тағдыры;
4.    адамгершілік мәселелері;
5.    қарым-қатынастық мәселелері.
Көп тараған ұлттық діндер: синтоизм, индуизм, иудаизм.
Әлемдік діндер: буддизм, христиан, ислам.
Дін мынадай қызметтер атқарады:
1.    дүниетанымдық – дүние туралы жалпы түсінікті  қалыптастырады;
2.    біріктірушілік – қоғамды қандай да бір идея үшін немесе идея төңірегінде топтастырады;
3.    мәдени – мәдениетке ықпал етеді немесе мәдениеттің таралуына жағдай жасайды;
4.    адамгершілікке тәрбиелейді, адамгершілікті насихаттайды (мейірбандылық, инабаттылық, жанашырлық, адалдық, сыпайылық, төзімділік, борыш идеяларын жоғары бағалайды, уағыздайды);
5.    компенсаторлық – адамның табиғат, әлеуметтік проблемалар, т.б. жағымсыз сипаттағы басқа да факторлар алдындағы әлсіздігін, қорғансыздығын басқа сипаттармен толықтырады;
6.    жүйелеушілік – адамдардың тәртіптері мен өзара қатынастарын идеялар, нормалар, дәстүр, ритуал, құқық, мораль, қағидалар, т.б. арқылы жүйелейді;
7.    мәдениет жалғастығы – ұрпақтар арасындағы ой жалғастығын қамтамасыз етеді;
8.    интеграциялық, дезинтеграциялық – индивидтерді топқа немесе әлеуметтік институттарға бөлу-біріктіру.

Философия – дүниетанымдық ғылыми-теориялық түрі. Философиялық дүниетанымның діни және мифологиялық дүниетанымдардан айырмашылығы:
1.    нақты ұғымдар мен категориялардан құралады;
2.    қиялға, сенімге емес, білімге сүйенеді;
3.    рефлексивті (ойдың өз-өзіне бағытталуы);
4.    қисындылығы (ішкі  тұтастық пен жүйелілікке негізделеді).
Осылайша философия – рационалдылықпен, жүйелілікпен және қисындылығымен ерекшеленетін дүниетанымның жоғарғы деңгейі мен түрі.
Философияның дүниетаным ретіндегі эволюциясы 3 кезеңнен өтті:
1.    космоцентризм;
2.    теоцентризм;
3.    анропоцентризм.
Космоцентризм - әлем, табиғат құбылыстары, сыртқы күштердің, Космостың күшімен, әсерімен, шексіздігімен түсіндірілетін, бүкіл тіршіліктің космостық циклдарға тәуелділігін тұжырымдайтын философиялық дүниетаным (Еж.Үнді, Еж.Қытай, т.б.шығыс елдеріне және Еж.Грекияға тән).
Теоцентризм – бүкіл болмыс, тіршілік – тек құдіреттің, Құдайдың үстемдігімен түсіндірілетін пікірге сүйенетін философиялық дүниетаным түрі (ортағасырлық Европаға тән).
Антропоцентризм – орталығында адам мәселесі тұрған философиялық дүниетаным түрі (Қайта Өрлеу дәуіріндегі Европаға, Жаңа Заманға, қазіргі заманғы философиялық мектептерге тән).
Қазақ философиясының және дүниетанымының қалыптасуына мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілері, хайуанаттар (жан-жануар) жайындағы ертегілер; реалистік (тұрмыс салт) ертегілерінің де үлкен әсері болды. Бұл ертегілер өте ерте заманда адамның табиғат сырын әлі толық түсініп болмаған кездерде туған. Қазақ аңыз, ертегілерінің ой туғызар дүниетанымдық тұстары олардың адамды бірінші орынға қоя білуінде. Мысалы: патриархат дәуірінде адамды ең басты киелі күш деп ұғынуы үстем болған. Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап, соған адам әрекеттін қарсы қоятын қиял-ғажайып аңыз-ертегілері осы ізде туған. Көшпенділердің аңыздарының бір ерекшелігі оның жалпы халықтық мазмұндылығында ақиқат болған-ды. Қазақ аңыздарында көшпелі елдің төл ерекшелігі, белгілері бірден байқалады. Себебі олар тұрмыс-салтымыздың, болмысымыздың негізінде туған аңыздар. Осындай дала аңыздары ішінде халық арасында Қорқыт, Асан қайғы туралы толып жатқан аңыздар бар. Бұл тараған аңыздар Қорқыт асқан күйші, қобызшы болғандығын айта келіп, табиғаттың дүлей күшіне қарсы күрескен, өліммен алысқан алып жанды танытады. Қорқыт халық ұғымынша, болашақты көре білетін, өлімді өнермен жеңуге ұмтылған алып философ, ұлы қобызшы. Жалпы айтар болсақ, көне шығыс пен алғы түркі мәдениетінен нәр алған қазақ аңыз ертегілерінің көшпелілер рухани болмысымен біте қайнасқан ауыз әдебиеті, фольклор, эпостық жырлар, сал серілер, ақын жыраулар шығармашылығы, халық даналығының қазақ философиясының қайнар көз, алғы бастауы болды деп айта аламыз.
Возрат к публикациям
Телефон горячей линии: +7 (7212) 39 75 15 (с 9:00 до 20:00)